Нұр-Сұлтандағы киностудияның құрылысы тоқтатылды

0
865

Жоба тек объективті себептерге байланысты тоқтатылды.


Нұр-Сұлтандағы киностудияның құрылысы тоқтатылды

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Үкімет кулуарында Нұр-Сұлтандағы «Астана фильм» студиясының құрылысы бойынша жоба тоқтатылғанын растады, деп жазады 7kun.kz.

«Жұмыс шынымен тоқтатылды. Жоба тек объективті себептерге байланысты тоқтатылды. Қазір біздің еліміз бен қоғамымыз үшін керемет жобаны жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып, есептелуде», — деді Райымқұлова.

Алайда, ол толығырақ ақпарат 23 тамызға жоспарланған брифинг кезінде берілетінін айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның астанасында алдағы бірнеше жылда «Астана фильм» киностудиясы пайда болады. Оған ЭКСПО ауданында 50 гектар жер бөлінді.