Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақ Қарағандыға қонды – жолаушылар карантинге алынды

0
856

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, ұшақты Қарағандыға қондыру туралы тапсырманы үкімет берген.


Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақ Қарағандыға қонды – жолаушылар карантинге алынды

ERNUR.KZ. Минсктен Нұр-Сұлтанға ұшып келе жатқан ұшақ Қарағанды әуежайына қонды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі растады, деп жазады sputniknews.kz.

"Бүгін Минсктен ұшып келген ұшақ таңғы төртте Қарағандыға қонды. Үкімет осындай тапсырма берді, біз оны орындадық. Бортта 67 адам болған, олар карантинге алынды", - деп мәлімдеді министрліктен.
19 наурыздан бастап Қазақстан астанасы мен Алматы қаласы карантинге жабылады.
18 наурыздағы дерек бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 35 адамды құрады. Оның он сегізі – Нұр-Сұлтанда, он жетісі – Алматы қаласында.
16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, режим отыз күнге созылады.
Беларусьте қазіргі уақытта 51 адам коронавирус жұқтырған.