Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс прокуратураға жолданды: Бірақ марқұмның туыстары істі қосымша тергеуді талап етті

0
83


Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс прокуратураға жолданды: Бірақ марқұмның туыстары істі қосымша тергеуді талап етті

Фото: Әлеуметтік желіден

ERNUR.KZ. Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс прокуратураға жолданды. Алайды марқұмның туыстары істі қосымша тергеуге қайтаруды талап етіп отыр, деп жазады Stan.kz.

Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай мен отбасының адвокаты Аянхан Омаров іс материалдарымен танысқаннан кейін көптеген кемшіліктерді анықтағандарын мәлімдеді. Олардың айтуынша, тергеу тарапы бірқатар өтінішхаттарды мүлде қарамаған.

Осыған байланысты жәбірленуші тарап прокурорға жүгініп, істі қосымша тергеуге қайтарып, анықталған заңбұзушылықтарды жоюды сұраған. Алайда әзірге шағымдарына қатысты жауап алмаған.

Қазіргі уақытта 28 жастағы күдіктіге үш бап бойынша айып тағылған:

  • аса қатыгездікпен адам өлтіру;
  • аңду (сталкинг);
  • некеге тұруға мәжбүрлеу.

Нұрайдың туыстары іс сотқа жолданар алдында соңғы екі бап айыптау тізімінен алып тасталуы мүмкін деп алаңдайды. Адвокаттың сөзінше, бұл істің әрі қарай қаралуына әсер етуі ықтимал.

Сондай-ақ отбасы істі ерекше бақылауға алып, күдіктіге тағылған барлық айыптарды сақтап қалуды сұрап, Бас прокуратураға жүгінген.