​NUR.KZ тілшісін өлтірген күдіктінің суреті жарияланды

0
1 445

Қылмыскерді ұстау үшін ІІД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.


​NUR.KZ тілшісін өлтірген күдіктінің суреті жарияланды

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев елордада кісі қолынан қаза тапқан тілшіге қатысты мәлімдеме жасады. Ирина Бекетованы өзімен бірге тұратын азамат қызғаныштан өлтіріп кеткен, деп жазады NUR.KZ.

Қайғылы жағдай кеше түнде орын алған.

Бекетовамен бірге тұратын азамат Гусейнов журналисті подъез алдында өзге ер адаммен көре салып, қызғаныштан арада дау туындайды.

Олардың сөзге келіп қалғанын көрген марқұмның танысы кетуді ұйғарған. Алайда, сыртқа шығып бара жатқанда Гусейновтің тілшіге қол көтергенін біледі.

Қайта жоғары көтерілген ол Иринаның ес-түссіз жатқанын көріп, бірден жедел жәрдем шақырған. Сол уақытта күдікті азамат белгісіз бағытқа қашып үлгереді.

Айта кетерлігі, Бекетова мен Гусейнов ресми некеге тұрмаған. Алайда ортақ екі баласы бар.

Қылмыскерді ұстау үшін ІІД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.

Аталмыш қылмысты жасағаны үшін 23.07.1984 жылы дүниеге келген астаналық Гусейнов Анатолий Михайлович іздестірілуде.

Қандай да бір ақпаратты білетін азаматтар Астана қалалық ІІД бөлімшесіне мына телефон нөмірері арқылы хабар бере алады: 8 (7172) 71-60-17, 71-61-47, 71-60-21 немесе кезекшілік бөлімге 71-60-10, 71-60-11.

Еске сала кетейік, кісі қолынан қаза тапқан Ирина Бекетованың ағасы ол туралы естеліктерімен бөлісіп, балаларына кім қамқор болатынын айтқан еді. Марқұмның артында төрт баласы қалды.