Бұл жаңалық тергеуге көп уақыт жұмсап, қағазбастылықты қысқартуға мүмкіндік береді, деп мәлімдейді ІІД баспасөз қызметі.
Облыстық ІІД қылмыстық істерді электрондық форматта тергеуге көшті. Бұл жаңалық тергеуге көп уақыт жұмсап, қағазбастылықты қысқартуға мүмкіндік береді, деп мәлімдейді ІІД баспасөз қызметі. Бұл туралыinform.kz сайтына сілтеме жасап ERNUR.KZ. сайты хабарлайды.
«Е-қылмыстық іс» бағдарламасы қылмыстық процестің барлық сатысын: қылмысты тіркеуден бастап, оны тергеу және үкімді орындауға дейінгі кезеңді қамтиды.
«Қылмыстық процесті цифрландыру тұрғындарды алаңдатқан бірқатар мәселелерді шешуге, сондай-ақ дәлелдерді жинау және процессуалдық құжаттарды толтыру процедураларын оңтайландыруға, іс материалдарын бұрмалау қаупін төмендетуге, тергеу және сот органдарының материалдық шығындары мен жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді ІІД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Құралбек Шарбақов.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 131 қылмыстық іс «Е-қылмыстық іс» форматында тергеліп жатыр, оның 25-і аяқталған.
«Е-қылмыстық іс» жобасы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында елдегі цифрлық технологияларды дамыту бойынша жүзеге асырылып жатыр.