Елімізде 13-23 сәуір аралығында Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне арналған онкүндік өтеді.
Фото: almatylibrary.kz
ERNUR.KZ. Шара аясында Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы баспалар арасында "Мен ұсынған 7 кітап" челлендж-эстафетасын жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
"Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұлттық әдеби мұраны дәріптеу", – делінген хабарламада.
Челлендж-эстафетаға қатысушы баспалар қорларынан оқырман қауымға ұсынуға лайықты 7 кітапты іріктеп, оларды ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерде жариялайды.
Министрлік хабарлауынша, бұл бастамаға кез келген азамат қатыса алады. Қатысушылар әлеуметтік желілерде сүйікті кітаптары туралы ұсыныстарын жариялап, ол кітаптардың маңызы туралы өз ойларымен бөлісе алады.


