Жағдайды министрдің өзі жеке бақылауына алған.
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Назарбаев зияткерлік мектебінде оқудан шығарылған оқушыға қатысты Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.
Ведомствоның мәліметінше, министр Ғани Бейсембаев зияткерлік мектептің басшылығымен сөйлескен.
"Бұл оқиғада оқушы өз қателігін түсініп, өкініш білдіріп отыр. Енді НЗМ бұл жағдайды тек ішкі тәртіппен ғана емес, сондай-ақ адамгершілік, кешірімділік пен нағыз ұстаздық ұстанымдарға сүйене отырып шешеді деп үміттенеміз", - дейді оқу-ағарту министрлігі.
Жағдайды министрдің өзі жеке бақылауына алған. Ол Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен аймақтық департаменттің өкілдеріне нұсқама берген.
"Министр "НЗМ" басқарма төрағасы Әнуар Жанғозинмен сөйлесті. Басқарма төрағасы мәселені жеке қолға алғанын, жағдайды жан-жақты қарап, не болғанын әділ бағалап, дұрыс шешім қабылдайтынын айтты", - дейді министрлік.