Оқушыға алғаш рет "Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері" атағы берілді

0
100

Алдияр Аңсат әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарған.


Оқушыға алғаш рет

фото: Photo : Астана әкімдігі

ERNUR.KZ. Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Алдияр Аңсат "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағына ие болды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл мәртебелі марапат елімізде мектеп оқушысына тұңғыш рет беріліп отыр.
Жас шахматшы Алдияр – Қазақстан спортының мақтанышы. Ол әлемдік деңгейдегі беделді додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, талай рет жеңімпаз атанды.
Әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, еліміздің атын танытып, көк туымызды биікте желбіреткен жас әлем чемпионы.