Олимпиада алтынынан ғылыми жаңалықтарға дейін: «Халықтың сүйіктісі-2026» ұлттық сыйлығының лауреаттары анықталды

0
230

​«Халықтың сүйіктісі - 2026» XVI ұлттық сыйлығының лауреаттары белгілі болды.


Олимпиада алтынынан ғылыми жаңалықтарға дейін: «Халықтың сүйіктісі-2026» ұлттық сыйлығының лауреаттары анықталды

ERNUR.KZ. Биыл көпшіліктің қолдауына ие болған азаматтардың қатарында олимпиада чемпиондары, дәрігерлер, педагогтер, қоғам қайраткерлері мен ғылым өкілдері бар. Олардың қатарында KazGASA профессоры, техника ғылымдарының докторы, ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшысы Танаткан Абаканов та бар. Ол «Жыл ғалымы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Биылғы лауреаттар тізімі әртүрлі буын өкілдері мен кәсіби салалардың үздіктерін біріктірді. Мәселен, «Жыл спортшысы» атағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа, «Жыл параспортшысы» атағы қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовқа, ал «Жыл мұғалімі» атағы Түркістан облысындағы педагог Кенжебек Жұмашовқа берілді. Сондай-ақ лауреаттар қатарында кардиохирург Ермагамбет Куатпаев, бас дәрігер Ерлан Мусенов, қоғам қайраткері Бибигүл Рамазанова, Құрылтай депутаты Шолпан Каринова және басқа да кәсіби сала өкілдері бар.
Жеңімпаздар қатарында ерекше орын алатын тұлғалардың бірі - Танаткан Досқараұлы Абаканов. Ол саналы ғұмырын Қазақстанда сейсмология мен жер сілкінісіне төзімді құрылыс салаларын дамытуға арнаған, көпжылдық кәсіби тәжірибесі бар ғалым. Оның ғылыми жолы отандық инженерлік ғылымдағы ұрпақтар сабақтастығының айқын үлгісі: іргелі зерттеулерден бастап қалалар мен халықтың қауіпсіздігіне тікелей ықпал ететін практикалық шешімдерге дейінгі ауқымды қамтиды.
Танаткан Абаканов -Қазақстандағы жер сілкінісіне төзімді құрылыс жөніндегі ғылыми мектептің негізін қалаушылардың бірі әрі жер сілкінісі мәселелері бойынша ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшысы.
«Менің зерттеулерім сейсмикалық әсерлерді зерделеуге, тәуекелдерді бағалауға және ғимараттар мен құрылыстардың жер сілкінісіне төзімділігін арттыруға бағытталған инженерлік шешімдерді әзірлеуге арналған», -дейді ғалым.
Бұл бағыттағы зерттеулер Қазақстан үшін айрықша маңызды. Өйткені еліміздің едәуір бөлігі сейсмикалық белсенді аймақтарда орналасқан. Сондықтан жер сілкінісіне төзімді құрылыс саласындағы ғылыми ізденістер қауіпсіз қалалық инфрақұрылымды дамыту, құрылыс стандарттарын жетілдіру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады.
Бүгінде Танаткан Досқараұлы KazGASA-да ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін жалғастыруда. Оның зерттеу бағыттарының бірі - «Сейсмоплатформа. Сейсмикалық әсерлерді зерттеу» зертханасының жұмысы. Мұнда жер сілкінісі кезіндегі сейсмикалық жүктемелердің құрылыс конструкцияларына әсері зерттеледі.
Ғалымның ғылыми қоржынында 300-ден астам ғылыми жарияланым, 8 монография және 6 оқулық бар. Оның кәсіби қызметі іргелі ғылымды, инженерлік тәжірибені және жаңа буын мамандарын даярлауды ұштастырады.
«Жыл ғалымы» атағының берілуі -Танаткан Абакановтың жеке жетістіктерін ғана емес, Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына тікелей ықпал ететін ғылыми бағыттың маңызын мойындау.
Сыйлықтың өзге де лауреаттары қатарында «Жылдың мәдени жобасы» атанған «Sensitive» инклюзивті театры, «Жыл саясаттанушысы» номинациясының жеңімпазы Расул Коспанов және «Жыл парламентарийі» атанған Бақытжан Базарбек бар.
«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығы жыл сайын қызметі мен жетістіктері қоғам тарапынан жоғары бағаланған, Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген азаматтар мен жобаларды марапаттайды.