Таразда белгісіз біреулер қиратып кеткен ескерткіш қалпына келтірілді

0
139

Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы мемориалды жедел жөндеп, қалпына келтіргені үшін өңір басшылығына алғысын білдірді.


Таразда белгісіз біреулер қиратып кеткен ескерткіш қалпына келтірілді

фото: Генконсульство России в Алматы

ERNUR.KZ. Таразда соғыс кезінде қаза тапқан 72 кеңес жауынгері жерленген орынға орнатылған стела толық қалпына келтірілді, деп жазады sputnik.kz.
Жергілікті әкімдіктің қолдауымен Ресей қаржысына тұрғызылған ескерткішті таяуда белгісіз біреулер қиратып кеткен болатын.
"Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл қаласындағы эвакуациялық госпитальдарда жарақаттан қаза болған, аты-жөні белгісіз 72 жауынгер жерленген орынға орнатылған стела толық қалпына келтірілді!", – делінген Ресейдің Алматыдағы бас консулдығының хабарламасында.
Консулдық мемориалды жедел жөндеп, қалпына келтіргені үшін Жамбыл облысы мен Тараз қаласының басшылығына алғыс білдірді.
Бұған дейін ауқымды қайта жаңғыртудан кейін 15 қазанда ашылған стеланы белгісіз адамдар қиратып кеткен болатын.
Осы оқиғаға байланысты Ресейдің бас консулдығы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдаған. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы нотаны алғанын растады.