«Омикронды» қарапайым тұмау ретінде қабылдауға болмайды - Тоғжанов

0
758

Соңғы айда коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық 20 есеге артты. Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел қызыл аймақта орналасқан.


«Омикронды» қарапайым тұмау ретінде қабылдауға болмайды - Тоғжанов

Сырқаттанушылық деңгейі бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау облысы көш бастап тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Ол жаңа штаммның қауіпті екенін айтты.

«Омикрон - бұл әдеттегі маусымдық вирустық инфекция деген пікір бар. Бұл штаммды қарапайым тұмау деп қабылдауға болмайды. «Омикрон» штаммының ерекшелігі – оның аса жұқпалы болуында және оны қайта жұқтыру қаупі жоғары. Таралу коэффициенті - 1:5. Ол «Дельта» нұсқасынан 70 есе жылдам таралады. Соңғы тәулікте ғана 9 700 жағдай тіркелді. Тәулік ішіндегі мұндай сырқаттанушылық көрсеткіші бүкіл пандемия кезеңінде болмаған. Желтоқсан айының соңында стационарларда 3 мыңнан аз адам емделсе, бүгінде олардың саны 7 мыңнан асты. Емханалар деңгейінде ем алып жатқан пациенттер саны да 4,8 есеге артты. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша стационарларда емделушілер саны 200 адамнан 1000-ға дейін, яғни 5 есеге өсті», - деп атап өтті спикер.