Онлайн оқу және бетперде режимі: министрлік ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

0
385

15 қыркүйектен бастап балалар онлайн оқуға жіберілмейді.


Онлайн оқу және бетперде режимі: министрлік ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Жақында қазақстандықтардың әлеуметтік желілерінде ел назарын аударған дабылды хабарламалар пайда болды, деп жазады sputnik.kz.

Ол хабарламалардағы Қазақстандағы мекемелерде бетперде режимі енгізіліп, балалар онлайн оқуға жіберіледі деген ақпарат жалған болып шықты.
15 қыркүйектен бастап балалар онлайн оқуға жіберілмейді, Қазақстан мекемелерінде бетперде режимі енгізілмейді, деп санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мұны жоққа шығарады.
Негізі, бас дәрігердің қаулысына сәйкес, тұмауға қарсы егу 15 қыркүйекте басталып, бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне ғана енгізілген.