Автокөліктің барлық түрлері үшін көлік қозғалысына шектеу қойылды.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында күн райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңыздағы Орал-Атырау трассасы жабылды, деп жазады 24.kz
ғни Оралдан Атырау облысының шекарасына дейінгі 492-189 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін көлік қозғалысына шектеу қойылды. Өйткені жаңбыр мен қалың тұман салдарынан жолдың үстінде көктайғақ орнаған.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қазір аталған жол учаскесінде құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдағы көлік қозғалысы ауа райы жақсарған кезде қайта жанданады. Сондықтан жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін алыс жолға сапарға шығудан уақытша бас тартуларыңызды сұраймыз делінген әкімдіктің баспасөз релизінде.