Орал тұрғыны тісін сапасыз емдеген клиникадан 1,2 млн теңге өндіріп алды

0
232

Клиниканың үстінен арыз түсірген әйел 1 949 000 теңге матералдық шығын, 3 000 000 теңге моральдық шығын және 1 100 000 теңгенің басқа да шығындарын өндіріп беруді сұрады.


Орал тұрғыны тісін сапасыз емдеген клиникадан 1,2 млн теңге өндіріп алды

фото:CC0 / Rubén Gonzále

ERNUR.KZ. Орал қалалық сапасыз медициналық қызмет көрсеткен стоматологиялық клиникадан 1,2 млн теңге өндіріп алуға үкім шығарды, деп жазады sputnik.kz.
Сот материалдарына сәйкес, 2022 жылы мамыр айында қала тұрғыны жеке меншік тіс емдеу клиникасына барып, жоғары тістерді циркониялық коронкамен протездеу және тістің пішіні мен түсін винирмен түзету қызметіне жүгінді. Сол үшін 700 000 теңге төлеген. Бірақ жұмыстың нәтижесі көңілінен шықпады.
Әйел бәрін қалпына келтіру үшін басқа клиниканың көмегіне жүгінді. Оған тағы 1 249 000 теңге кетті. Сотта жеке меншік клиниканың сапасыз қызмет көрсеткені дәлелденді. Оны медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің ұйғарымы да растап отыр.
Клиниканың үстінен арыз түсірген әйел 1 949 000 теңге матералдық шығын, 3 000 000 теңге моральдық шығын және 1 100 000 теңгенің басқа да шығындарын өндіріп беруді сұрады. Сот талапты ішінара қанағаттандырды.
Сот үкімі бойынша жеке меншік клиника 700 000 теңге материалдық шығын және 500 000 теңгеге моральдық шығынды төлеп беруге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енді.