​Оралда көктайғақтан жарақат алған адамдар саны 200-ден асты

0
1 168

Оралда бірнеше көлік соқтығысып, үш адам жарақат алды.


​Оралда көктайғақтан жарақат алған адамдар саны 200-ден асты

ERNUR.KZ. Оралда бірнеше көлік соқтығысып, үш адам жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 6 желтоқсан күні сағат 19.00-дар шамасында болған. М.Шолохов пен С.Штыб көшелерінің қиылысында қосжүк көлігі және «УАЗ» көлігі соқтығысқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем көлігі оқиға орнына бес минуттан кейін жетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1956, 1959 және 1976 жылғы үш ер адам түрлі жарақат алды. Үшеуі де қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оларға медициналық жәрдем көрсетіліп, жарақаттары жеңіл болғандықтан, амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді», -деді А.Сақпосынова.

Жалпы, облыста көктайғаққа байланысты жарақат алғандар саны көбейе түсуде. Мысалы, Орал қаласының өзінде олардың саны 200-ден асты. Дегенмен ауыр жарақат алғандар жоқ. Етін ауыртып алу, қолын сындыру секілді зардап шеккендер баршылық. Еске сала кетейік, өңірде көктайғаққа байланысты жолдардың қайта-қайта жабылып, сондай-ақ Оралда бұған дейін 55 адамның жарақаталғанын жазған болатынбыз.