Оралда коронавирус жұқтырған екі жасар сәби жасанды тыныс алу аппаратына қосылды

0
783

Ем-дом ДДСҰ бекіткен хаттамаға сәйкес жүргізілуде.


Оралда коронавирус жұқтырған екі жасар сәби жасанды тыныс алу аппаратына қосылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстанда коронавирус диагнозындағы үш науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, деп жазады zakon.kz.

"Батыс Қазақстан облысында КВИ бойынша 665 жағдай тіркелген. Жұқпалы аурулар ауруханасына 665 науқас келіп түсті, оның ішінде 30-ы - балалар. Өңірде бір науқас коронавирустан көз жұмды", - деді өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қайыпов.

Стационарда - 300 науқас, оның ішінде 12 бала емделіп жатыр. Ауру белгілері білінбейтіндері - 135, коронавирусты жеңіл дәрежеде жұқтырғандар - 104, орташа ауырлық дәрежесіндегілер - 57, ауыр дәрежеде - 4 науқас бар.

Өткен демалыс күндері ауруханаға тағы 85 науқас келіп түсті (сенбіде - 41, жексенбіде - 44).

Жасанды тыныс алу аппаратына үш науқас қосылған: 79 жастағы және 68 жастағы 2 науқас, тағы бір - 2 жасар бала. Ем-дом ДДСҰ бекіткен хаттамаға сәйкес жүргізілуде.