Оралда күзетшілер айықтырғышқа жеткізілген адамның екі қолын жұлып алған

0
646

Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті күзетшілер аяғынан ұстап, кері тартқан.


Оралда күзетшілер айықтырғышқа жеткізілген адамның екі қолын жұлып алған

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Оралда күзетшілер ер адамның қолын жұлып, өлгенше сабаған, - деп жазады astanatv.kz.

Телеарна мәліметінше, қайғылы оқиға былтыр желтоқсанда болған. Жаңажылдық корпоративтік кештен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген. Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алады.

Марқұмның туыстарының сөзінше, кінәлілердің кейбірі бостандықта жүр.

"Күзетшілер інімнің екі қолын қайырып, тепкінің астына алды. Жағын сындырып, көзін ағызып жіберіпті. Біз оны мәйітханаға барғанда танымай қиналдық. Сот кезінде күзет агенттігінің қызметкерлері лицензияны сатып алғандарын, жұмыс кезінде мас болғандарын мойындады", - дейді марқұмның туысы Бақыт Ахметова.

Оның айтуынша, інісі жанталасып сыртқа қашып шыққан. Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол кезде, қолтықтарын қаңылтыр кесіп, өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап, қайтыс болған.

"Інімнің өліміне кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Бұл істе полицияның да айыбы бар. Олар, інімнің ақшасын тартып алып, өзін диспансерге тастап кетіпті. Інім сыртқа қашып шығып, жанармай құю бекетінен көмек сұрағанда да, ондағылар да қол ұшын бермеген. Кейін жедел жәрдемді шақырған кезде бәрі де кеш болды. Сот осы жәйттерді ескерсе екен", - дейді Бақыт Ахметова.