Көптеген жарақат алған, миына зақым тиген.
ERNUR.KZ. Оралда полицей қызметтік көлікпен қағып кеткен қызға ота жасалды, деп жазады tengrinews.kz.
Басылымның мәліметінше, зардап шеккен 21 жастағы қыз отадан кейін ес-түссіз жатыр.
"Жол-көлік оқиғасы болған жерден қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Сағат 21.58-де жедел жәрдемге қоңырау келіп түсті, сағат 22.05-те жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына барды. Ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Көптеген жарақат алған, миына зақым тиген. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, мұның алдында Оралда полицейдің патрульдік көлікпен қызды қағып кеткені хабарланған болатын. Қыз баланы жаяу жүргіншіге арналған жолда қағып кеткен еді.