Оралда жол апатынан 21 жастағы жігіт қаза тапты

0
105

Орал қаласында түнгі уақытта қайғылы жол-көлік оқиғасы тіркелді.


Оралда жол апатынан 21 жастағы жігіт қаза тапты

Фото: БҚО ПД

ERNUR.KZ. БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, 8 қыркүйек күні сағат 01:30 шамасында Зачаган кентіндегі Күлтегін көшесінде "ВАЗ-2114" автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағанға соғылған. Соққыдан кейін көлік аударылып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Апат салдарынан салонда болған 21 жастағы жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды. Ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды ескертті.