Оралдағы колонияда жазасын өтеуші өзін емдеген дәрігерлерді сабап тастаған

0
815

Мамандар абақтыдағы қауіпсіздік күшейтілуін талап етіп отыр


Оралдағы колонияда жазасын өтеуші өзін емдеген дәрігерлерді сабап тастаған

ERNUR.KZ. Оралдағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуші өзін емдеген дәрігерлерді көкала қойдай қылып сабап тастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқыста таяққа жығылған жігіттердің денсаулығына елеулі зақым келген. Біреуі белінен шойырылса, енді бірінің ерні жыртылыпты. Жәбірленген дәрігерлердің айтуынша, жазасын өтеуші өзіне жасалар ем-доммен келіспей, балағат сөздер айтқан. Осыдан кейін күзетші оны камераға алып кетеді. Бірақ қолындағы кісенін шешіп тастап, қайтып келген жазасын өтеуші дәрігерлерді теуіп құлатып, жұдырық сілтеген.

Соққыға жығылған жігіттердің айтуынша, абақты қызметкерлері оларды құтқарып алуға асықпаған. Тіпті сотталушыдан таяқ жедің деп мазақ қылыпты.

«Белімнен тепті. Кәдімгі жарға жабысып қалдым. Қатты удармен жүгіріп келіп теуіп тұр ғой. Қасымда тұрды да, мені бір ұрып қалды. Ни за что! Кірмеймін енді. Не үшін кіреміз. Қалтасына бірдеме тығып әкеліп, біреуі бірдеме тығып алса. Вольно ғой бұлар, жүре береді, ішке кіреді, шығады. Бәлнесте жүрген сияқты болады ғой», - деді БҚО бойынша ҚАЖД 28 мекемесінің фельдшері.

Осы оқиғадан қатты қорқып қалған мамандар абақтыдағы қауіпсіздік күшейтілуін талап етіп отыр. Яғни, дабыл нүктесі орнатылып, өздерін күзететін жасақшылар көбейтілуі тиіс. Әйтпесе жұмысқа шықпаймыз дейді. Бүгінде Оралдағы қатаң режимдегі РУ-28 колониясында 800-дей адам жазасын өтеп жатыр. Бәрі де - ауыр қылмыс жасағаны үшін ұзақ жылға сотталғандар.

«РУ 28 мекемесінде жазасын өтеуші мен медициналық қызметкер арасында ем-домға қатысты кикілжің болғаны рас. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондықтан басқа ақпаратты айта алмаймын. Қазір жағдай қалыпты, қызметкерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген», - деді БҚО бойынша ҚАЖД мекемесі бастығының орынбасары Асқар Тілегенов.