Өрт қаупі жоғары аймақ тұрғындары баспананы сақтандыруға міндеттеледі

0
129

Мұндай талап су тасқыны мен жер сілкінісінің қаупі жоғары аймақтар үшін де енгізіледі


Өрт қаупі жоғары аймақ тұрғындары баспананы сақтандыруға міндеттеледі

фото: Sputnik / Кирилл Каллиников

ERNUR.KZ. Қазақстанда төтенше жағдайлардан сақтандыруға арналған мемлекеттік компания құрылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Мемлекеттік сақтандыру компаниясы қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігіне қарайды деген жоспар бар. Ал баспананы сақтандыру міндеті су тасқыны, жер сілкінісі, орман мен дала өртінің қаупі бар өңірлерде енгізіледі.
"Бұл жүйе келесі жылы енгізіледі деп ойлаймын. Сақтандыру міндеті барлық дерлік өңірде енгізіледі", - деді Бозымбаев үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, сақтандыру жарнасы әлі анықталған жоқ. Оны жылына бір рет төлеу міндеті болады.
"Бірақ орта топ үшін, жалақысы төмен азаматтарға көп салмақ түспейді. Ал сақтандыру жарналарын жинаудың арқасында төтенше жағдайда жылдам көмек беретін қор қалыптастыруға мүмкіндік бар", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Бұдан бөлек, халықаралық қаржы ұйымында белгілі сомманы резервке қою мәселесі де қаралып жатыр. Соның есебінен төтенше жағдайда шұғыл өтемақы төлеуге болады.