Орыс тілі ТМД елдерін біріктіріп отыр – Путин

0
715

​Путин бұның интеграция және ақша табу ғана емес, сонымен қатар Ресейде толыққанды өмір сүру үшін қажет екенін алға тартты.


Орыс тілі ТМД елдерін біріктіріп отыр – Путин

ERNUR.KZ. Орыс тілі ТМД елдерін біріктіріп отыр. ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысында Ресей президенті Владимир Путин осындай мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz.

«Ресей Федерациясында мигранттар өте көп, сондықтан тез бейімделу үшін олар орыс тілін білуі керек .Біріктіруші күш болып табылатын орыс тілі ТМД аумағындағы біртұтас өркениет кеңістігін нығайтып отыр», – деді Путин.

Путин Ресейде ұйымға мүше елдерден көптеген мигранттардың жұмыс істейтінін атап өтті.

«Сіз үшін де, біз үшін де адамдардың Ресейде қалыпты өмірге тезірек бейімделуі маңызды. Олар орыс тілін білу керек. Ресейдің қандай ел екенін, Ресей мәдениетінің қандай екенін, Ресей халықтары арасындағы қарым-қатынастың қандай екенін түсінуі керек», – деді президент.

Путин бұның интеграция және ақша табу ғана емес, сонымен қатар Ресейде толыққанды өмір сүру үшін қажет екенін атап өтті. 15 қазанда ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын видео конференция форматында ұйымдастырылды.