Өскеменде 600 миллион теңгеге жөнделген көпір опырылды

0
88

Қала басшысы көпірдің жақын арада қалпына келтірілетініне уәде берді.


Өскеменде 600 миллион теңгеге жөнделген көпір опырылды

ERNUR.KZ. Өскеменде бұған дейін жөндеуге 600 миллион теңге бөлінген Шнайдар көпірінің бір бөлігі құлады. Қала әкімдігі мәліметінше, оқиға орнында барлық қажетті қызмет жұмыс істеп жатыр, жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі енгізілді, деп жазады tengrinews.kz.

Өскемен әкімі Алмат Ақышев төтенше жағдайға байланысты пікір білдіріп, үш күн бойы нөсер жауын жауғанын және өзен деңгейі көтерілгенін айтты. Қала басшысы көпірдің жақын арада қалпына келтірілетініне уәде берді.

"Біз жағдайды бағалау үшін Алматыдан мамандарды шақырдық. Екі жыл бойы мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 600 миллион теңге игерілгені өкінішті. Тексеру жүргіземіз, мердігерлер осында, кепілдік міндеттемелері бар, солардың негізінде олар көпірді қалпына келтіреді", – деді ол.

Оның айтуынша, бұл өткел қалалық логистикаға түсетін жүктемені азайтып тұрған, сондықтан оны екі-үш айдың ішінде қалпына келтіру жоспарланып отыр.