Өскеменде дәмхана алдында «мүрде» ілініп тұр

0
427

Белгілі болғандай, оны дәмхана иесі Хэллоуин алдында әдейі іліп қойған.


Өскеменде дәмхана алдында «мүрде» ілініп тұр

ERNUR.KZ. Өскемен қаласындағы дәмхана алдына мүрде кейпіндегі муляжды іліп қойған кәсіпкерге айыппұл салынды, деп жазады kaz.inform.kz.

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінің алдында мүрде кейпіндегі муляж ілініп тұрған фотосурет тарап кетті. Белгілі болғандай, оны дәмхана иесі Хэллоуин алдында әдейі іліп қойған.

Бірақ бұл заңға қайшы болғандықтан полицейлер кәсіпкерге айыппұл салды.

«Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 29 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді ол 30 АЕК (110 760 теңге) көлемінде айыппұл төлейді», - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.