Өскеменде "шыршаны безендіремін" деген ер адам үй иесін алдап соққан

0
785

Тәртіп сақшылары зейнеткердің үйіне көршісі келгенін анықтаған.


Өскеменде

ERNUR.KZ. 18 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне 77 жастағы қария хабарласып, арыз берген. Ол үйін тонап кеткенін мәлімдеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәртіп сақшылары 12 желтоқсан күні зейнеткердің үйіне көршісі келгенін анықтаған. Ол қарияның үйіне шырша әкеліп, оны безендірмек болған. Алайда әйел адам бөлмеден шығып кеткенде, ер адам қарияның төсегінің астына жинаған 60 мың теңгені ұрлап кеткен.
Осылайша полицейлердің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде аз уақыт ішінде қаланың 44 жастағы, жұмыссыз тұрғыны ұсталған.
Күдікті ұрлық жасағанын мойындағанымен, ұрланған ақшаны жұмсап қойғанын айтқан.
Десе де күдіктіге қатысты сотқа дейінгі жұмыстарды тоқтатуға тура келген. Себебі зейнеткер ер адамды кешіріп, арызын қайтып алған. Қазіргі таңда ер адам ішкі істер бөлімі тізіміне енген.