Отанында өлім жазасына кесілуі мүмкін: Ауғанстаннан келген студент Қазақстаннан пана сұрайды

0
195

Талибан билікке келгеннен кейін Ауғанстандағы әйелдердің құқығы қатты шектелген.


Отанында өлім жазасына кесілуі мүмкін: Ауғанстаннан келген студент Қазақстаннан пана сұрайды

avax.news

ERNUR.KZ. Медициналық жоғары оқу орнының студенті Фарида Қазақстаннан пана беруді өтінді. Ол Ауғанстаннан келген. Отанына оралудан қорқады, деп жазады ulysmedia.kz.

Талибан билікке келгеннен кейін Ауғанстандағы әйелдердің құқығы қатты шектелген. Фарида университетте оқуын жалғастыра алмапты. Ол Қазақстанға стипендия жеңіп алып, оқуға келген, бірақ бюрократиялық мәселелерге байланысты оқу визасы жойылған. Енді ол депортацияға ұшырайды, деп жазады Азаттық радиосы.

– Оқу визасының күші жойылған кезде мен бірден Қазақстан билігіне босқын мәртебесін беру туралы өтінішпен жүгіндім. Беруден бірден бас тартты. Білуімше, Қазақстан босқындарды қай елден шыққанына қарамастан мүлде қабылдамайды. Бірақ мен өз Отаныма орала алмайтынымды ескеруім керек, өйткені әйелдердің құқықтары бұзылып, маған қауіп төніп тұр, - деді ол.

Оған Отанынан байланысқа шығып, қорқытқан. Туған-туыстарының ішінде Ауғанстанда тек атасы қалған. Бүкіл отбасы Ауғанстаннан көшіп кеткен.

– Белсенді ретінде мен әйелдер құқығын ашық қорғадым. Румыния радиосы және Daily Telegraph India сияқты әртүрлі еуропалық және әлемдік БАҚ-қа сұхбат бердім. Сонымен қатар, әпкем америкалық журналда ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Мен ол жаққа қайтып бара алмаймын. Менің Отаныма барсам өлім жазасына кесілуім немесе басқа ауыр жаза алуым мүмкін, - дейді Фарида.

Ол Қазақстанда баспана іздеп жүрген адам мәртебесіне ие болды. Енді оның құжаттары растау үшін Ауғанстанға жіберіледі. Алайда, Фарида бұл жайт оның туыстарына қиындық туғызуы мүмкін деп қорқады.

Фарида мен құқық қорғаушылар оның Қазақстанда қалу құқығы үшін күресуді жоспарлап отыр. Бұл мәселені шешуге үш ай уақыт бар, әйтпесе Ауғанстанға оралуға немесе басқа елге кетуге тура келеді.