Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2020 жылы жан басына шаққандағы орташа атаулы табыс 116 мың теңге болған.
ERNUR.KZ. Ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында (215 076 теңге), ең төмені Түркістан обласында (63 443 теңге) тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.
«Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызмет бағасы 6,8%-ға өскенде халықтың нақты табысы өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға артты. 2020 жылы халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының ең жоғары мәні Атырау облысында тіркелді. Онда бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден шамамен 2 есе жоғары», – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ халықтың табысы Нұр-Сұлтан (174 396 теңге) және Алматы (164 721 теңге) қалаларында жоғары. Маңғыстау, Қарағанды облыстарының тұрғындарының табысы орташа есеппен – 141 506 теңге және 130 502 теңге. Табысы ең төмен өңірлер – Түркістан облысы (63 443 теңге) және Шымкент қаласы (75 725 теңге).