Пандемиямен күреске қанша ақша жұмсалды – министр есеп жариялады

0
540

​Қазіргі кезде карантиндік шараларды алып тасталды.


Пандемиямен күреске қанша ақша жұмсалды – министр есеп жариялады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус пандемиясына жұмсалған қаржы көлемін жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Пандемия басталған 2020 жылы бюджеттен 252 миллиард теңге жұмсалған болатын.
"Осы ақшаның 28 миллиарды дәрі-дәрмекті, соның ішінде қорғаныс құралдарын және медициналық техниканы сатып алуға жіберілді. 197 миллиард теңгесі дәрігерлердің еңбекақысы сол кездегі үстемеақыға жұмсалды. Іссапар шығындары да болды. Әсіресе, санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандары іссапарға жиі шыққан", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұдан бөлек, 20 миллиард теңге медициналық сақтандыру қорына аударылды. Оған медициналық көмектің ақысы төленді.
"Ал 2021 жылы 556 миллиард теңге болды. Өйткені ол жылы жыл бойы коронавирус инфекциясымен күрестік. Үш толқыны болды. Аурудың ушыққан түрі шықты. Сол кезде 97 миллиард теңгеге вакцина сатып алынды. ПТР-тест пен шприцтер жеткізілді. Сондай-ақ, 413 миллиард теңгесі медициналық қызметкерлердің үстемеақысы мен еңбекасына аударылды. 40 миллиард медициналық сақтандыру қоры арқылы ауруханалар мен емханаларға төленді", - деп атап көрсетті Ғиният.
Биыл пандемиямен күрес шараларына 86 миллиард теңге қарастырылып отыр. Соның ішінде 9 миллиард вакцина алуға жұмсалады. Ал 20 миллиард теңгесі былтыр сатып алынған Pfizer вакцинасы үшін төленді.
Айта кетері, қазіргі кезде карантиндік шараларды алып тастады. Бетперде киюдің қажеті жоқ. Алдағы уақытта карантин енгізу жоспары жоқ. Алайда министр Ғиният "барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады" деп отыр.