Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры тағайындалды

0
598

Жаңа басшыны кәсіпорын ұжымына "ҚазМұнайГаз" АҚ мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры Дмитрий Макеев таныстырды.


Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры тағайындалды

ERNUR.KZ. Қуаныш Бишімов Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры болып тағайындалды, деп жазады sputnik.kz.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасының шешіміне сәйкес "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры (басқарма төрағасы) болып Қуаныш Ердәулетұлы Бишімов тағайындалды", - деп хабарлады ҚМГ.

Жаңа басшыны кәсіпорын ұжымына "ҚазМұнайГаз" АҚ мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры Дмитрий Макеев таныстырды.

Қуаныш Бишімов бұл қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметін атқарған. Сонымен қатар "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ басқарды, оған дейін екі жыл "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі болды.