Ал өңірдегі ең ересек күйеу – 84 жаста.
ERNUR.KZ. Биыл Павлодар облысында некеге тұрған ең үлкен қалыңдықтың жасы 80-де, деп жазады Pavlodarnews.kz.
Қарым-қатынастарын тіркеген ең жас келіндер 16 жастағы қыздар.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі ұлттық статистика бюросы өңірлік департаментінің басшысы Жақан Жәкенов мәлім етті.
- Қарым-қатынастарын тіркеген ең жас келіндер 16 жастағы қыздар болды. Қарым-қатынастарын тіркеген екеуінің күйеуі 17 жаста еді.
Ең ересек келін 80 жаста, ал ең ересек күйеу – 84 жаста. - деді Жақан Жәкенов.
2021 жылдың бес айында АХАТ органдары неке қию туралы 1735 акт жазбасын және некені бұзу туралы 449 акт жазбасын ұсынған.
Сонымен қатар, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында 4677 нәресте дүниеге келді, олардың 2378 - і ұлдар. Демек, 100 қызға 103 ұл.
- 3741 адам қайтыс болды, қайтыс болғандардың ішінде ерлердің үлес салмағы 51,3% - ды құрады. Өлім себептерінің арасында қан айналымы жүйесі ауруларынан – 22%, тыныс алу органдары ауруларынан – 10,7%, рак ауруынан – 9,5% болатын өлім-жітім басым болып отыр, - деп толықтырды Жақан Жәкенов.
2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс халқының саны 750 243 адамды құрады, олардың 70,6% - қала тұрғындары.