Павлодар облысында күдіктінің кесірінен полицейлер COVID жұқтырды

0
560

​Ер адам Covid-19 инфекциясының ауру белгісі жоқ түрінің тасымалдаушысы болып шықты, онымен байланыста болған полиция қызметкерлері үй карантиніне жіберілді.


Павлодар облысында күдіктінің кесірінен полицейлер COVID жұқтырды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысынан келген құқықбұзушы павлодарлық полицейлердің COVID-19 инфекциясын жұқтыруына себеп болды. Павлодар облысының Аққулы полиция бөлімінің жеті қызметкерінен коронавирус инфекциясы табылды, деп жазады sputniknews.kz.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің вирус жұқтыру себебі туралы аудан әкімінің орынбасары Алма Қасымова мәлімдеді.


"Олар Шығыс Қазақстан облысынан келген ер адамды мал ұрлады деген күдікпен ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық бұзушының COVID-19 инфекциясының симптомсыз түрімен ауырғаны анықталды. Сол адам арқылы аудандық ішкі істер бөліміне инфекция кірді. Ол адаммен байланыста болғандардан дереу коронавирусқа сынама алынып, үй карантиніне жіберілді. Арасында инфекция жұқтырғандар анықталды", - деді Қасымова.


Қарашаның басынан бастап бұл аймақта 21 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, оның жетеуі – полиция қызметкері, бір зейнеткер бар. Қалған науқастар ауданның жұмыс істейтін тұрғындары. Сондай-ақ, бұл Аққулы ауданында төрт баладан коронавирус инфекциясы табылды.

Ауданның бас санитар дәрігері аумақта шектеу шараларын енгізді, оның ішіне жаяу жүріп-тұру, санитарлық блок бекет арқылы өту ережелері қарастырылған.

Медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдары, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері, емделуге, жұмысқа баратындарға (тиісті құжаттары болған жағдайда) шектеу қойылмаған.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Ямышев ауылдық округіндегі Лебяжі және Ямышев мектептерінің, сондай-ақ "Айналайын" және "Болашақ" балабақшасының жұмысы уақытша тоқтады.