​Павлодар облысында саңырауқұлақ теріп жүрген балықшы жоғалып кетті

0
1 177

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.


​Павлодар облысында саңырауқұлақ теріп жүрген балықшы жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Ленин кентінде Ертіс өзенінің жайылмасында саңырауқұлақ теруге шыққан балықшы жоғалып кетті, деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- 2 қазанға қараған түні сағат 00.05-де «112» пультіне Павлодар қаласының маңында ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде құрамында Павлодар облысы ТЖД-нің үш қызметкері бар топ шықты. Олар жайылманың әрбір шаршы метрін тексеріп шықты, - дейді департаментте.

Құтқарушылар сағат 01.42-де келіп түскен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 1957 жылы туған ер адамды ұялы телефоны арқылы анықтады. Медициналық көмектен бас тартқан азаматты құтқарушылар туған-туыстарына тапсырды.