Прокуратура жылдамдықты асыратын жүргізушілерге қарсы күресті күшейткен.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Астанадағы ірі көшелердің бірімен сағатына 154 шақырым жылдамдықта жүрген бойжеткен 10 күнге қамалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы Астана прокуратурасы хабарлап отыр. Дереккөзге сүйенсек, 22 жастағы бойжеткен кешқұрым «Ұлы Дала» даңғылында қауіпсіздік ережесін сақтамай, зуылдатқан.
«12 тамыз күні кешкі уақытта 22 жастағы бойжеткен «Kia K7» маркалы көлігімен «Ұлы дала» даңғылы жағынан Айтматов көшесіне қарай сағатына 154 шақырым жылдамдықпен жүрген. Сот қаулысымен ол 10 тәулікке қамалды», - деп хабарлайды бас прокуратура.


