Павлодар облысында зейнеткерлер көркемсөз оқудан сынға түсті

0
545

Байқауды облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы «Ардагерлер үйімен» бірлесіп ұйымдастырды.


Павлодар облысында зейнеткерлер көркемсөз оқудан сынға түсті

ERNUR.KZ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай зейнет жасындағы азаматтар арасында «Менің Отаным - менің тағдырым» атты көркемсөз оқу байқауы өтті, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Байқауды облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы «Ардагерлер үйімен» бірлесіп ұйымдастырды.

- Ұлтжандылықты, халқымыздың салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметті насихаттау, қарияларымызды қоғамдық өмірге тарту мақсатында өткен облыстық байқауға 60 жасқа толған әрбір аға ұрпақ өкілі қатысу мүмкіндігіне ие болды, - деді «Шаңырақ» орталығында.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: Қазақстан туралы қазақстандық ақындардың шығармаларын оқу және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған авторлық өлеңдерді оқу.


Қазақстандық ақындардың шығармаларын оқу номинациясында Тереңкөл ауданынан Людмила Пфафенрот 1-орын еншіледі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына авторлық өлеңін оқудан Баянауыл ауданынан Жұмкен Сейтов 1-орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, байқаудың облыстық кезеңіне аудандық байқаудың жеңімпаздары атанған 23 зейнеткер қатысты. Жүлдегерлер мен қатысушылардың барлығы «Шаңырақ» орталығының атынан марапатталды.