Павлодар облысында жоғары шенді полицей ұсталды

0
552

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, бірлескен жедел-тергеу тобы құрылған.


Павлодар облысында жоғары шенді полицей ұсталды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында жоғары шенді полицей ұсталды. Бұл туралы ресми сауалға берген жауабында Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

"ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, бюджет қаражатын жымқыру күдігі бойынша облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталғанын растайды", - делінген сауалға жауапта.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, бірлескен жедел-тергеу тобы құрылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәлімет жарияланбайды.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.