Павлодарда ағасын өлтірген ер адам 8 жылға сотталды

0
684

Сотталушы кінәсін толық мойындады.


Павлодарда ағасын өлтірген ер адам 8 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Павлодарда ағасын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі – адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Іс материалы бойынша, 2022 жылғы 8 қарашада сағат 18:00 шамасында Павлодар қаласында екі ер адам мас күйінде бірге Ленин кентіндегі үйлерінде бір-бірімен жанжалдасып қалып, біреуі екіншісін өлтіруге шешім қабылдаған. Інісі ас үй бөлмесіндегі пышақты алып, диванда жатқан ағасының кеудесінің оң жағына соққы жасаған.

«Сотталушының қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жедел қан кетуден ағасы қайтыс болған. Мойындау айғақтарынан басқа, сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және басқа да дәлелдемелермен расталады», – деп жазылған ҚІМА сотында.

Сот іс бойынша жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотталушыны кінәлі деп таныды және оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеумен 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.