Павлодарда ер адам қарызын қайтармаған әйелге көшеде нәжісін лақтырған

0
409

Тұрғынның ісі сотта қаралды.


Павлодарда ер адам қарызын қайтармаған әйелге көшеде нәжісін лақтырған

ERNUR.KZ. Павлодар тұрғыны көшеде әйелдің үстіне нәжісін шашқаны үшін жазаланды, деп жазады inbusiness.kz.

Павлодарда Аймауытов саябағында ер адам нәжісін пакетке салып, таныс әйелдің бетіне лақтырған.

Сөйтсе әйел оған қарыз екен, ер адам ақшасын күте алмай, осылай өшін алған.

"Ер адамның жеке басы анықталды, ол Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материал толтырылып, ісі сотта қаралды. Сот шешімімен оған 14 АЕК (51 688 теңге) айыппұл салынды", – деді Павлодар қалалық ІІБ Оңтүстік полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Рустам Серғазинов.