Оқшауланған мекемедегі 27 жастағы сотталушы тәулік бойы іздестіріліп жатыр.
Оқшауланған мекемедегі 27 жастағы сотталушы тәулік бойы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» .
«Қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген 1990 жылғы сотталушы осы мекемеде жұмыспен қамтылып, тұрып жүрген. Оған берілген еркіндікті пайдаланған ол жұмыс орнын тастап, қашып кеткен», - деп хабарлады Павлодар облыстық қылмыстық-түзеу жүйесі департаментінің өкілі Мадина Нұркенова. ҚАЖД дерегі бойынша, 27 жастағы ер адам тұтқындалғанға дейін Алматыда тұрған. Ол 2013 жылы ҚР ҚК 360-бабы 1-бөлімі бойынша алты жыл жеті айға бас бостандығынан айырылған еді. Ол Екібастұз қаласы Шідерті кентіндегі қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген, бірақ оны Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Павлодардағы 162/2 колониясына жұмысқа орналастырған. Сол жерден қашып кеткен, деді М.Нұркенова.