Павлодарда пәтерден өлі табылған ана мен үш баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

0
969

Пәтерде өте қорқынышты болды, деді көршілер.


Павлодарда пәтерден өлі табылған ана мен үш баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

ERNUR.KZ. Павлодарда үш баласымен бірге өлі табылған анаға қатысты көршілері не көргендерін айтып берді, деп жазады aikyn.kz.

Куәгерлер әйел мен оның үш баласын біреудің өлтіргенін айтты. Көршілердің айуынша, олардың бәрін пышақтап, денелерін тіліп тастаған.

– Онда өте қорқынышты болды, бәрін пышақпен тілгілеп тастаған. Балалар төсегінде жатын киімде жатыр. Бұл кешке, түнге қарай болған секілді. Аналары сол бөлмеде, бірақ еденде жатты. Оны ұрып-соққан секілді, ол көгеріп кеткен, қаны судай аққан. Көп қан болды, – дейді олар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда пәтерден үш бала мен ана өлі күйінде табылғанын жазған болатынбыз.