Павлодарлық студент қолшатыр әрі орындық болатын әмбебап таяқ ойлап шығарды

0
2 320

Павлодар түсті металлургия колледжінің студенті қолшатыр әрі орындық болатын әмбебап таяқша ойлап тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Павлодарлық студент қолшатыр әрі орындық болатын әмбебап таяқ ойлап шығарды

фото: pavlodarnews.kz (с) - Оразбек Саяхат.

Павлодар түсті металлургия колледжінің студенті қолшатыр әрі орындық болатын әмбебап таяқ ойлап тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Колледж студенттері «қазіргі жоба үлгілері» және «техника және технология» бағыттары бойынша сынға түсуде. Ерекше туындылардың қатарында Екібастұз құрылыс техникалық колледжінің 1-курс студенті Болатбек Тамашаның да жобасы бар.

- Бүгін қарт адамдарға арналған әмбебап таяқшаны ұсынып отырмын, - деді Болатбек Тамаша. – Оны жасауға екі айдай уақыт кетті. Колледждегі ұстаздарымның, басшылықтың көмегімен іске асырылды. Егде жастағы адамдарға арналған таяқты қариялар шаршаған кезінде орындық ретінде пайдаланса болады. Сонымен қатар, жауын-шашын кезінде, күннің ысыған шағында қолшатыр бола алады. Бір таяқшаның құны төрт мың теңге шығады. Алдағы уақытта патент алып, демеушілер қарастыру ойымызда бар.

Айта кетейік, Павлодар түсті металлургия колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Талант, технологиялар, шығармашылық» атты техникалық туындылардың байқауы өтуде.