«Deutsch im Herzen» республикалық байқауы студенттерге үлкен мүмкіндіктер ашатын неміс тілін Қазақстанда кеңінен насихаттауға бағытталған.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. II республикалық «Deutsch im Herzen» байқауы Нұр-Сұлтан қаласында өтті, деп жазады Pavlodarnews.kz.
Павлодар педогогикалық университеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Мейрамгүл Рамазанова II республикалық «Deutsch im Herzen» байқауының финалисі атанды.
Мейрамгүл Абайқызы эссе жазу номинациясы бойынша жеңіске жетті.
"Эссе «Wenn das Coronavirus reden könnte ...» тақырыбына коронавирустың қоғамға әсері, бұл өзгерістердің адамдардың менталитетіне қалай байланысты екендігі, адамдар қиын жағдайға қарамастан, қиыншылықта бір-біріне қалай көмектескені туралы болды", - делінген хабарламада.
Жұмыстарын сәтті қорғаған қатысушылар естелік сыйлықтар мен Құрмет грамоталарына ие болды. Финалда қатысушылар үшін неміс халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінің элементтері бар неміс тілінде қызықты семинарлар ұйымдастырылды.
«Deutsch im Herzen» республикалық байқауы студенттерге үлкен мүмкіндіктер ашатын неміс тілін Қазақстанда кеңінен насихаттауға бағытталған.
Гете институты және басқа да қоғамдық ұйымдар мен қорлар барлық мамандықтардың студенттері үшін көптеген стипендиялық бағдарламаларды ұсынады.
Айта кетейік, 2019 жылы Мейрамгүл Абайқызы осыған ұқсас Бүкілресейлік байқауға қатысып, жүлдеге ие болды.