«ПАЗ» автобусына 129 баланы салып берген»: Ұлытауда мектеп директоры ақыл-есі кем туысын жүргізуші ретінде жұмысқа алған

0
109

​Араға прокуратура түсіп, мектеп директоры қатаң тәртіптік жаза алған.


«ПАЗ» автобусына 129 баланы салып берген»: Ұлытауда мектеп директоры ақыл-есі кем туысын жүргізуші ретінде жұмысқа алған

Фотоколлаж: ЖИ арқылы жасалған, Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Ұлытау облысындағы Қаражал қаласының прокуратурасы мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус жүргізушісіне қатысты өрескел заң бұзу фактісін анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дерекккөзге сүйенсек, балаларды тасып жүрген жүргізушінің бірқатар сырқаты болған.

«Аталған азамат психоневрологиялық ауру бойынша диспансерлік есепте тұрады (жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі), бала кезінен мүгедек, сондай-ақ есту қабілеті бойынша екінші топтағы мүгедек. Бұған қоса, заңды күшіне енген сот шешімімен ол жүргізуші куәлігінен айырылып, көлік құралдарын басқару құқығы болмаған», - деп хабарлайды облыстың прокуратурасы.

Соған қарамастан, Қаражал қаласындағы бір мектептің директоры оны ресми түрде жүргізуші ретінде жұмысқа алған. Прокуратураның дерегіне сай, ол «ПАЗ-423470» маркалы мектеп автобусына мініп, 129 оқушыны тасымалдаған.

«Бұл адам мектеп директорының жақын туысы. Сондықтан, мүдделер қақтығысы бар. Мектеп директорына қатаң тәртіптік жаза берілді, ал жүргізуші жұмыстан шықты», - деп хабарлайды прокуратура.