Педофилдерге бостандыққа шығуына жарты жыл қалғанда кастрация жасалады

0
111

Республикада жаңа ережелер мен өзгерістер әзірленді.


Педофилдерге бостандыққа шығуына жарты жыл қалғанда кастрация жасалады

фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізді, деп жазады sputnik.kz.
Құжатқа сәйкес, химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғушылық жасағаны үшін сотталғандарға бостандыққа шығар алдында алты ай бұрын жасалады.
"Мекеменің әкімшілігі жаза мерзімі аяқталғанға дейін он екі айдан кешіктірмей психикалық бұзылулардың және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа бейімділіктің болуын (немесе болмауын) анықтау үшін сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау үшін материалдарды сотқа береді", - делінген бұйрықта.
Алайда бұл нормалар есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуына байланысты сот шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған сотталғандарға пайдаланылмайды.