Педофилдерге xимиялық кастрация бірнеше рет жасалады - Бас прокуратура

0
1 144

Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжанов педофилдерді бақылау шаралары туралы айтып берді.


Педофилдерге xимиялық кастрация бірнеше рет жасалады - Бас прокуратура

ERNUR.KZ.Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжанов педофилдерді бақылау шаралары туралы айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі заңнамада педофилдерді бақылау шаралары күшейтіліп отыр. Біз оларды үнемі бақылайтын боламыз. Дәрігерлер ондай адамдардың жыныстық өзгерістерін жіті қадағалайды. Мысалы, оны түрмеден босатты дейік. Егер одан қандай да бір қауіп болса, онда xимиялық кастрацияны тағы жасайтын болады», - деді М.Аxметжанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.