Петропавл әкімдігінің лауазымды тұлғасы парамен ұсталды

0
450

Ол 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.


Петропавл әкімдігінің лауазымды тұлғасы парамен ұсталды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп жазады zakon.kz.

Лауазымды тұлға мемлекеттік нысандардың бірін күзету бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін күзет агенттіктерінің бірінің директорынан 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мән-жайы тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.