Петропавлда антисептик өндірісі қолға алынды

0
790

Мұндағы технолог мамандар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сай оның алғашқы тәжірбиелік сынамасын жасады.


Петропавлда антисептик өндірісі қолға алынды

ERNUR.KZ. Петропавл қаласында антисептик өндірісі қолға алынып, сұйықтық көп салалы кәсіпорындардың бірінде шығарыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы технолог мамандар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сай оның алғашқы тәжірбиелік сынамасын жасады. Енді болашақта өндіріс көлемін арттырмақ ниетте. Осылайша, шамамен бір ауысымда зарарсыздандыру затының бір тоннасын өндіруді жоспарлап отыр. Ал, оған қажетті спирт пен түрлі химиялық қоспалар еліміздің өзге өңірлерінен жеткізіліп жатыр. Осылайша, отандық өнім шетелдік импортты алмастырмақ. Осы зауыт кеше ғана сұйық антибактериалдық сабын жасауға кірісті.

- Антисептик жасауға біздің толықтай мүмкіндігіміз бар. Сәтін салса, 2-3 күнде бұл затты біз сауда орындарына сатылымға шығаруды көздеп отырмыз. Қажеттілік болып сұраныс артып жатса, үш ауысымда жұмыс істеуге дайынбыз. Бағасы да нарықтағыдан қымбат болмайды, - дейді өндіріс басшысы Андрей Генне.