Петропавлда қазан айының соңында ерлі зайыпты мен олардың 17 жастағы ұлын өлтіріп кеткен үшеуге қатысты сот үкімі шықты.
ERNUR.KZ. Көпшіліктің пікірінше, үш адамның қанын мойнына жүктеген қылмыскерлерге кесілген жаза тым жеңіл, деп жазады kaz.inform.kz.
Әлеуметтік желіде кісі қолынан қайтыс болған ерлі-зайыпты Приходченколардың қызы Татьянаның бейнежазбасы тарады. Бойжеткен қоғамнан және құқық қорғау органдарынан әділдік сұрайды. Ата-анасынан және туған бауырынан айырылған Татьянаның пікірінше, бірнеше сағат қинап, аяусыз өлтірген қылмыскерлерге қолданылған жаза тым жеңіл.
Естеріңізге салайық, 2023 жылдың 28 желтоқсанында жерлеу рәсімдерімен айналысатын кәсіпкер Вадим Приходченко мен әйелі Юлия және олардың кәмелетке толмаған баласы Юрийдің денелері өз үйлерінде табылды. Көп ұзамай күдіктілер ұсталды. Сот отырысы бір жылға жуық уақытқа жалғасты.
Биыл 28 қазан күні СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үшеуге қатысты үкім шықты. Сот Сергей Емельяновты өмір бойына бас бостандығынан айырды. Данил Орловқа сот 21 жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ал үшіншісі - Ирина Скоробогатова үш жылға бас бостандығынан айырылды.
СҚО прокураторасының өклдері бүгін осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«СҚО прокуратурасы Приходченко отбасын өлтіру фактісі бойынша көптеген жарияланымдар мен түсініктемелерге сүйене отырып, кінәлілер: «E»-ні өмір бойына бас бостандығынан айыруға, «О»-ны 21 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, «С»-ны 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталғанын хабарлайды. «О» және «С»-ға қатысты жазаның жеңіл болуына орай облыстық прокуратура бұл үкіммен келіспеді. Осыған байланысты 2024 жылдың 12 қарашасында облыстық сотқа апелляциялық шағым енгізілді», - делінген хабарламада.