Петропавлда ТЖМ қызметкерлері жойқын жарылыстың алдын алды

0
158

Құтқарушылар ангар ішінен 5 оттегі және 1 газ баллонын сыртқа шығарды.


Петропавлда ТЖМ қызметкерлері жойқын жарылыстың алдын алды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Петропавлда өрт сөндірушілер ангарда шыққан тілсіз жауды ауыздықтап, қауіпті аймақтан газ баллондарын алып шықты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға Мүсірепов көшесінде орналасқан ангарда болды. Қызыл жалын ғимарат қабырғасының 80 шаршы метр аумағын шарпыған. Өрт сөндірушілер шақырту орнына жедел жетіп, оттың одан әрі таралуына жол бермей, тез арада оқшаулады.

Төтенше жағдай кезінде өртті сөндірушілер жоғары қауіпке қарамастан, ангар ішінен 5 оттегі және 1 газ баллонын сыртқа шығарды. Осылайша ТЖМ мамандары ықтимал жарылыстың алдын алып, ірі апатты болдырмады.

«Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жаудың шығуына отпен жұмыс жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Марина Самойленко.