Оқиға 2 маусымда кешкі сағат 22:00 шамасында болған.
ERNUR.KZ. Петропавлда өз-өзіне қол жұмсамақ болған жігіт 5 қабатты үйден секірді, алайда құтқарушылар шұғыл қимылдап, оқыс оқиғаның алдын алды, деп жазады ҚазАқпарат.
Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2 маусымда кешкі сағат 22:00 шамасында болған.
Кезекшіге полиция қызметкерлері қоңырау шалып, Петропавлдағы Маяковский көшесіндегі жатақхананың шатырынан жігіттің секірейін деп тұрғанын хабарлаған. Санаулы минутта оқыс оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел қимылға көшеді.
«Уақыт оздырмай бірден шатырға көтерілдік. Бізді көрген жігіт «жақындамаңдар» деп айқайлай бастады. Сөзге тартпақ болып едік, ол әрекетімізден түк шықпады. Бір кезде секіріп кетті», - дейді құтқарушылар.
Алайда жігіт бесінші қабатта орналасқан балконның төбесіне құлаған. Артынан жеткен құтқарушылар оны көмек келгенше ұстап тұрды. Нәтижесінде мамандар өмірмен қоштаспақ болған жігітті автосатымен төменге түсірді.