Пневмониядан қайтыс болғандар саны екі есеге артты - министр

0
1 249

​3 тамыздағы ақпаратқа сәйкес, бір тәулікте коронавирустан 34 адам, вирустық пневмониядан 21 науқас көз жұмды.


Пневмониядан қайтыс болғандар саны екі есеге артты - министр

ERNUR.KZ. Қазақстанда пневмониядан қайтыс болған науқастардың саны екі есеге артты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, статистикада түрлі пневмония бар: вирустық, бактериялық, зеңді және коронавирустық.


"2019 жылы 2 тамызға дейін 76 985 науқас болған. Ал 2020 жылы 256 541 жағдай тіркелді. Өткен жылы пневмониядан 2 033 адам қайтыс болса, 2020 жылы 4 042 науқас көз жұмды. Сонда осы көрсеткіш екі есеге өсіп отыр", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.


Айта кетейік, 1 тамыздан бастап коронавирустық инфекцияға ұқсас пневмония коронавирус статистикасына қосылды.

3 тамыздағы ақпаратқа сәйкес, бір тәулікте коронавирустан 34 адам, вирустық пневмониядан 21 науқас көз жұмды. Жалпы, республика бойынша коронавирустан 1 058 науқас қайтыс болды.